Өткен жылы елімізде отын энергетика кешенінде өсім байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Отын-энергетика кешенінің негізгі көрсеткіштері бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім байқалды. Оның ішінде мұнай өндіру 87,7 млн тонна, мұнай өңдеу: 17,9 млн тонна, мұнай өнімдерін өндіру 14,5 млн тонна, газ өндіру 59 млрд текше метр, жанар-жағармай өндірісі 3 млн тонна, мұнай-газ-химиясы өндірісі 540 мың тонна, электр энергия өндірісі сағатына 117,9 млрд кВт-қа және сағатына жаңартылған энергия өндірісі 7,58 млрд кВт артты, – деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Осылайша, министр өткен жылғы отын-энергетика кешені саласының жұмысын "тұрақты" деп бағалады.