Былтыр елімізде 111 млн тонна көмір өндірілген

997

Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 2%-ды құрады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Былтыр елімізде 111 млн тонна көмір өндірілген

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020 жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу