Былтыр елімізде 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған

340

Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.  

Былтыр елімізде 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған Фото: primeminister.kz

Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты", – деді министр.

Оның айтуынша, бұл оң динамика биыл да сақталуда. Осы жылдың алты айында 94 400 көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары.

Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып, 190 мың көлік шығару.

"Саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті кадрларға тікелей байланысты. Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салуда. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту үшін еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау күшеюде. Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынып, жұмысшы мамандықтары жылы аясында “Наурыз жұмыскер” тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды", – деді сала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу