Былтыр елімізде 253 мыңнан астам адам жүйелі түрде шахматпен айналысқан

585

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворковичпен кездесті. Олар елордада өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz.   

Былтыр елімізде 253 мыңнан астам адам жүйелі түрде шахматпен айналысқан Фото: Facebook / Асхат Оралов

"Сондай-ақ, Қазақстанда FIDE қамқорлығымен өзге де іс-шараларды өткізу талқыланды. Мысалы, әлемнің  үздік жасөспірімдерінің қатысуымен өтетін турнир және қазақстандық жас шахматшыларды тарта отырып өткізілетін іс-шаралар. Бұл біздің кішкентай чемпиондарымыз үшін құнды тәжірибе болар еді. FIDE таңдауы біздің елге кездейсоқ түспегенін атап өткім келеді. Еліміз бүгінгі таңда тура мағынада нағыз шахмат бумын бастан кешіп жатыр", - деп жазды министр 

Асхат Оралов өткен жылы республика бойынша 253 мыңнан астам адамның 7618 секцияда шахматпен жүйелі түрде айналысқанын атап өтті.

"Жаңа оқу жылының басынан 28 мыңға жуық баланы қамтыған 654 мектепте "Шахмат" пәні факультатив ретінде енгізілді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу