Былтыр елімізде 31 мыңнан астам кәсіпорын жабылып қалған

786

2019 жылы олар 51 млрд теңге салық төлеген болатын.  

Былтыр елімізде 31 мыңнан астам кәсіпорын жабылып қалған

Бұл туралы онлайн режимде өтіп жатқан VIII CFO саммитінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы, "Атамекен" ҰКП Президиумының мүшесі Максим Барышев мәлім етті, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Қазақстандағы кәсіпкерлік үшін пандемияның әсері туралы сөз қозғаған маман былтырғы жыл бизнес өкілдері үшін оңай болмағанын айтады.

"Бизнес айтарлықтай шығынға ұшырады. 2020 жылы 31 315 кәсіпорын жабылуына байланысты салық төлеуді тоқтатты. 2019 жылы бұл кәсіпорындардың салық сомасы 51 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 4595 компания көтерме сауда, 1732 қызмет көрсету, 1331 кәсіпорын құрылысы саласына байланысты жұмыс істейтін", – деді спикер. 

Сонымен қатар Максим Барышев салаға қатысты оптимистік статистикасымен де бөлісті. 

"2020 жылы ашылған кәсіпорындардың төлеген салық сомасы 39,9 млрд теңгеден асты. Баланс әлі де, өкінішке орай, теріс екені анық. Бірақ бизнес бұл қиындықтарды да еңсереді деп сенейік", – деді Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу