Былтыр елімізде 4,1 млн тонна картоп жиналды

499

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Былтыр елімізде 4,1 млн тонна картоп жиналды Фото: egemen.kz

2022 жылы Қазақстанда 4,1 млн тонна картоп жиналды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірген.

"Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесінде 1,9 млн тонна өнім болды. Өндіріс көлемінің ұлғаюымен бірге картоп экспорты 18,5%-ға өсті. Мысалы, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна көкөніс сыртқа жіберілген", - делп жазылған хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, импорт 51,6%-ға төмендеген.

"Егер 2021 жылы сырттан 97,6 мың тонна картоп әкелінсе, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталды", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу