Былтыр елімізде 44,5 мың неке бұзылған

639

Қазақстанда неке саны бір жылда 8,5%-ға азайған.

Былтыр елімізде 44,5 мың неке бұзылған Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасында 2022 жылы АХАТ органдары 128,4 мың некені тіркеген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

Сондай-ақ, 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген; 

ерлердің 79,1%-ы және әйелдердің 81,0%-ы бірінші рет үйленді; 

ерлерде ажырасқаннан кейін некені тіркеу үлесі 19,6%, әйелдерде - 17,6%.

2021 жылмен салыстырғанда некесін бұзғандар 7,7% азайып, өткен жылы 44,5 мың жұп ажырасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу