Былтыр елімізде 46 мың тонна балық ауланды

717

Балық және аквамәдениет саласындағы өнімдер мен қызметтердің көлемі 12 млрд теңгеден асты. 

Былтыр елімізде 46 мың тонна балық ауланды

2020 жылы балық және аквамәдениет саласындағы өнімдер мен қызметтердің көлемі 12,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Сектордағы нақты өсім 14,8%-ға жеткен. Оның ішінде балық шаруашылығында өндіріс көлемі 7,4 млрд теңгені, аквамәдениет саласында 5 млрд теңгені құрады.

Салыстыру үшін айта кетсек, 2019 жылы сектордағы өнімдер мен қызметтердің көлемі 10,6 млрд теңгені құраған еді.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, өндірістің ең үлкен көлемі Түркістан аймағына тиесілі, 4,1 млрд теңге. 

Екінші орынды Қызылорда облысы иеленді, 1,6 млрд теңге, ал Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал дәстүрлі балықшы өңір - Атырау облысында өндіріс көлемі 1,5 млрд теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7% -ға аз.

2020 жылы 45,9 мың тонна балық және басқа су жануарлары ауланған. Бұл алдыңғы жылмен бірдей.

Ең көп ауланған ТОП-3 түріне көксерке (5,7 мың тонна) және сазан (2,9 мың тонна) кірді.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу