Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелді

460

Олардың жалпы ауданы 116,8 мың гектарды құрады. 

Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелді Фото: Inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында елдің орман қорын күзету және қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде 13,7 млн гектар орманмен көмкерілген. Ел аумағының ормандылығы – 5%. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектарды құрайтын 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде орманмен көмкерілген алаңы – 61,1 мың гектар. Орман өрттерінің себептері бойынша оқиғалар саны: найзағай разрядтарынан – 498, ауыл шаруашылығы жерлерінен өтіп кеткен – 87, жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша – 30, анықталмаған себептерден 194 оқиға тіркелген", - деді министр.

Ведомство басшысы Абай облысы орман қорының аумағында екі ірі орман өрті болғанын еске салды.

"Сол уақытта орман шаруашылығы жүйесінде шешім қабылдаудың жеделдігіне әсер еткен радио-телефон байланысын пайдалануға негізделген орман өрттерінің пайда болуына әрекет ету схемасы жұмыс істеді. Барлық пайда болған өрт бойынша ақпарат Алматы қаласындағы Қазақ ормандарды авиациялық қорғау базасы жанындағы Республикалық диспетчерлік пунктке жиналып, ол жерден Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және Министрліктің назарына жеткізіліп отырды. Сол жерден ірі орман өрттерін сөндіру кезінде жедел шешімдер қабылданып отырды. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес қосымша күштерді тарту жөніндегі шешімді орман өрті ірі көлемге (25 га және одан жоғары) ауысқан жағдайда орман бастығы – өрт сөндіру басшысы  немесе орман мекемесінің директоры қабылдайды", - деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.

Сөзінше, бұл схема былтыр ірі орман өрттерін жою кезінде дұрыс жұмыс істемегенін тәжірибе көрсетті. Осыған байланысты Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп қолданыстағы нормативтік  құқықтық актілерді қайта қараған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу