2016 жылы жалпы Қазақстанда 32463,4 гектар аумаққа алма егілді. Статистика агенттігі үш түрлі санатқа жататын шаруашылық алма бағымен айналысатынын тіркеген. Олар – кәсіпорын, шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылық және халықтың жеке бағы. Шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылықтарда 17 884,2 гектар немесе 55%, халықтың жеке бағында 8 087,8 га немесе 24,9% алма бағы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 6 491,4 гектар немесе жалпы алма бағының 20%-ына тең алқапқа алма өсірілген.
Алма бағы аумағы бойынша Алматы (12 246,5 га) және Оңтүстік Қазақстан (14 929,9 га) облыстары көш бастап тұр. Бұл екі облыс жалпы көлемде 37,7% және 46%-ды иеленеді. Олардың кейінгі орында 2 957,6 гектар немесе 9,1% алма бағы бар Жамбыл облысы келеді. Өзге облыстардағы алма бағының аумағы салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай емес.