Былтыр елімізде экстремизм мен терроризмге қатысты 85 қылмыстық іс анықталды

157

Тергеу нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Былтыр елімізде экстремизм мен терроризмге қатысты 85 қылмыстық іс анықталды Фото: видеодан алынған кадр

2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмысты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды. 18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді.

Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды. Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу