Былтыр елімізде қанша елдімекен атауы өзгертілді?

531

Республикалық ономастика комиссиясы 606 ұсыныс қараған. 

Былтыр елімізде қанша елдімекен атауы өзгертілді? Фото: turkystan.kz

Былтыр Қазақстанда 68 елдімекен мен 572 құрамдас бөліктің атауы өзгертілген, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мысалы, Ақмола облысы бойынша Южная көшесі Сәбит Мұқанов,  Буденный көшесі Бауыржан Момышұлы, Ленин көшесі Абылай хан есімдерімен қайта аталды", - делінген хабарламада.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңадан құрылған 3 облысқа Абай, Жетісу, Ұлытау атаулары берілген. 

"Ал, Қапшағай қаласы – Қонаев қаласы болып қайта аталды. Облыс атаулары тек мемлекеттік тілде бекітілді. Мысалы, Абай облысы - область Абай, Ұлытау облысы - область Ұлытау, Жетісу облысы - область Жетісу. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қостанай халықаралық әуежайына ұлт ұстазының есімі берілді", - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігі Ономастика басқармасының басшысы Елерке Төрехан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу