Былтыр елімізде үшінші баласын өмірге әкелген аналар саны артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша өткен жылы республикада 403,9 мың бала дүниеге келген. 

Былтыр елімізде үшінші баласын өмірге әкелген аналар саны артты Фото: pixabay.com

Ал оның 85,8 мыңы отбасындағы үшінші, тағы 117,8 мыңы кем дегенде төртінші (ал мыңы тіпті сегізінші). Бұл 2022 жылы туғандардың тең жартысы.

Салыстырар болсақ, 2018 жылы үшінші балаларын өмірге алып келгендер үлесі 42,6%-ды құрады.

Бұл ретте 2022 жылы тұңғышын туғандар саны 100,1 мың адамды құрады. Бұл 2018 жылғы 29,3%-бен салыстырғанда 24,8%-ды құрайды.

Алғаш босанған ананың орташа жасы 26,8 жаста. Ал жалпы босанатын әйелдердің орташа жасы 29,5 жасты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу