Былтыр елімізден шетелге 1 трлн теңгеден астам ақша аударылды

458

Қаражаттың негізгі бөлігі Өзбекстан мен Түркияға жіберілген. 

Былтыр елімізден шетелге 1 трлн теңгеден астам ақша аударылды Фото: Казахстанская правда

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізден шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген қаражат сомасы 1 трлн теңгеден асты. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, транзакциялар саны 2,6 млн-нан 2,5 млн-ға дейін азайды. Бұл шетелге бір аударым бойынша орташа чекті 415,3 мың теңгеге дейін ұлғайтты.

Ақша аударымдарының жартысынан көбі Өзбекстан (289,8 млрд теңге) мен Түркияның (271,9 млрд теңге) үлесіне тиеді. Бұдан бөлек қаражаттың айтарлықтай бөлігі Ресейге де аударылды: 196 млрд теңге.

Ал, Қырғызстанға – 73,9 млрд теңге, Грузияға 70,9 млрд теңге жіберілген. Бұл ретте Қырғызстанға аударылған ақша көлемі екі есеге қысқарса, Грузияға аударымдар көлемі 2,2 есеге өскен.

Көрсетілген кезеңде елімізден шетелге жіберілген қаражаттың 76,6%-ы ресейлік "Золотая Корона" ақша аударым жүйесіне тиесілі болды: 794,1 млрд теңге. Көшбасшылар үштігіне Contact (139 млрд теңге) және Western Union (66,1 млрд теңге) жүйелері енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу