2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға 3,4 млн шетелдік турист келді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 есе көп, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, келушілер санының айтарлықтай өсуі елдің туристік кластерінің жақсаруымен байланысты емес.
Мұны екі фактормен сипаттауға болады. Біріншіден, бұл пандемияға байланысты ахуалдың жақсаруына және барлық карантиндік шектеулердің жойылуына байланысты. Екіншіден, бұл өсім мобилизацияға және Украинадағы соғысқа байланысты көрші Ресейден адамдардың келуімен түсіндіріледі.
Сыртқа шығу туризмі сырттан келушілер туризмінен гөрі айтарлықтай басымдыққа ие. 2022 жылдың 9 айында 5,6 млн қазақстандық шетелде демалды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,2 есе көп.
Ішкі туризмді таңдайтын отандастарымыздың саны да артты: +25,1%, 4,9 млн адамға дейін.
Ақпаратқа сәйкес, U.S.News басылымының туристер үшін әлемдегі ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 84-орынға тұрақтады. Тізімде Гана 83-орында болса, ең соңғы орын Иранға тиесілі. Сарапшылар 85 елге талдау жасаған. Бұл рейтингте Қазақстан Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресейден ғана емес, Замбия, Ливан, Мьянма және т.б. елдерден де артта қалған.