Былтыр елімізге 3,5 млн турист келген

271

Оның 2 миллионы Алматының тау кластерін таңдаған. 

Былтыр елімізге 3,5 млн турист келген Фото: canva.com

Тізімде одан кейін келушілер саны жағынан Маңғыстау, Бурабай, Алакөл мен Балқаш көлдері тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атап айтсақ, Маңғыстау облысы мен Каспий жағалауын таңдаған туристер саны 325 мыңнан асқан.

Ал, Бурабай туристік аймағында 275 мың адам демалған.

Алакөлде 238 мың, Балқаш көліне келгендер саны 120 мыңнан сәл-ақ асады.

Ең қызығы рейтингіде Катонқарағай мен киелі Түркістан сынды еліміздің ғажап орындары елеусіз қалған.

Мәселен былтыр аталған туристік аймақтарға келгендер саны екеуін қоса алғанда 120 мыңға жетпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу