Былтыр еңбек нарығындағы жағдай қандай болды

911

Жұмыссыздық деңгейі –  4,9% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі –  45,5%, ал әйелдердің үлесі –54,5%.

Былтыр еңбек нарығындағы жағдай қандай болды

ҰЭМ статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,6% жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,5 (4,5 млн адам) – ерлер, 48,5% (4,2 млн адам) – әйелдер.

"2018 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,6 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 76% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн адамды немесе 24% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,7% (2017 жылы – 89,6%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,3% (2017 жылы – 10,4%) құрады", – делінген статистика комитетінің есебінде.

Жұмыссыздық деңгейі –  4,9% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі –  45,5%, ал әйелдердің үлесі –54,5%.

15 пен 28 жас аралығындағылар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу