Былтыр есірткі тасымалдаумен айналысқан 25 жасөспірім ұсталды

451

Мұндай қылмыс үшін 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген. 

Былтыр есірткі тасымалдаумен айналысқан 25 жасөспірім ұсталды Фото: baq.kz

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі Данияр Амантайұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Есірткі диллерлері OLX, HeadHunter сияқты жарнама сайттарында жастарды "бай боласың" деп есірткі жасыру жұмысына тартады. Олар "аз уақытта ақшаға көмілесің", "кез-келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың" деп сендіреді. 2022 жылы есірткі тасымалдаумен, оны жасырумен және сақтаумен айналысқан кәмелетке толмаған 25 жасөспірім ұсталды. Балалықпен, білместіктен мұндай қадамға барды деп ақтауға болатын шығар, бірақ заң – барлығына ортақ. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады", – деді спикер.

Бұл ретте жедел уәкіл есірткі сақтағандарға, оны таратумен айналысқандарға жаза ауыр екенін ескертті.

"Қылмыстық кодекстің 296, 297 баптарына сәйкес, 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сондықтан, ата-аналар балаларының немен айналысатынын, кіммен араласатынын үнемі тексеріп, бақылап отыру керек", – деді Данияр Амантайұлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу