Былтыр Еуропада ыстықтан 48 мыңға жуық адам көз жұмды

214

2022 жылы бұл көрсеткіш одан да жоғары болған.  

Былтыр Еуропада ыстықтан 48 мыңға жуық адам көз жұмды Фото: delfi Rus

Өткен жылы Еуропада 47 690 адам аптап ыстықтан қайтыс болды. Бұл туралы Барселонадағы ISGlobal институты жарияланған зерттеуінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Грекияда бір миллион тұрғынға шаққанда 393 адам аптап ыстықтан көз жұмды, Болгарияда – 229 адам, Италия – 209 адам, Испания – 175 адам қайтыс болды. Зерттеушілер 2023 жыл ең ыстық жыл болғанын жазды. 

"Біздің зерттеу нәтижелеріміз осы ғасырда қоғамның жоғары температураға бейімделу процестерінің қалай жүргенін көрсетеді. Бұл соңғы жазғы маусымдарда әсіресе егде жастағы адамдардың аптап ыстыққа байланысты өлім-жітімді айтарлықтай азайтты", - деді зерттеудің жетекші авторларының бірі Элиза Галло.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу