Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әкімнің мәйіті 20 желтоқсан күні кешкі 21:00 шамасында табылған. Оның сол күні достарымен кездескені жайлы бейресми деректер бар.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті де оның өлімінің суицид болғанын хабарлады. Әрі дененің Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовке тиесілі екенін растады. 46 жастағы шенеуніктің денесі өз үйінен табылып отыр.
– Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қылмыстық-процестік кодекстің сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етілмейді.
Еске салайық, Еркін Далмағамбетов былтыр ғана әкім болып сайланған еді. Темір қаласының әкімі қызметіне 2024 жылғы маусым айында кірісті.