Былтыр халық зейнетақы жинағынан 2,5 трлн теңге алған

1139

 Бұл қаражаттың 68,5%-ы тұрғын үй сатып алуға, 15,3%-ы ипотекалық несиені өтеуге, 16,2%-ы басқа мақсаттарға жұмсалды.

Былтыр халық зейнетақы жинағынан 2,5 трлн теңге алған

Ипотекалық несиелер көлемі 77,7%-ға өсті. Бұл туралы Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық несиелер 1,92 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,7%-ға өсті. 

"Осы тұста айта кететін жайт, зейнетақы реформасы ипотекаға айтарлықтай сұраныс туғызды", – деді спикер. 

Мәселен, 2021 жылы БЖЗҚ-дан 2,5 трлн теңге алынған. Бұл қаражаттың 68,5%-ы тұрғын үй сатып алуға, 15,3%-ы ипотекалық несиені өтеуге, 16,2%-ы басқа мақсаттарға жұмсалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2021 жылдың аяғында тұрғын үй транзакцияларының саны 96,8%-ға өсіп, 606 мың шарттан асты. 

"Бұл ретте мәмілелердің жалпы көлеміндегі ипотеканың болжамды үлесі 25,2%-ды құрады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу