Былтыр ішкі нарықта 150 мың автокөлік сатылды – ИИДМ

408

Оның ішінде 103 мыңы отандық өндіріске тиесілі. 

Былтыр ішкі нарықта 150 мың автокөлік сатылды – ИИДМ Фото: dknews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында автомобиль жасау саласына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 150 мың автомобиль сатылды. Оның 103 мың бірлігін отандық компаниялар жасап шығарды. Биыл автомобиль өндірушілеріне қатысты саясатты қайта қарау тұрғысынан маңызды", - деді Марат Қарабаев.

Секторда министрліктің алдында негізгі 3 міндет тұр, деп жалғастырды министр.

"Бірінші – шығарылатын автомобильдер қатарын кеңейту. Қазіргі таңда екі автомобиль зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Екіншіден, шағын торапты құрастыруды дамыту. Ол үшін автокөлік өндірушілеріне Көлік құралдарын оқшаулау және шағын торапты құрастыруға көшу үшін талаптарды күшейту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Үшіншіден, компоненттік базаны құру. Бүгінде доңғалақ дискілерін, аккумуляторларды шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді, оларды отандық автомобильдерге орнату үшін омологация процесі өткізілуде", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу