2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды ҰЭМ.
Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу