Былтыр Қарағанды облысында 486 мемлекеттік қызметкер жазаға тартылды

977

Былтыр Қарағанды облысында 486 мемлекеттік қызметкер жазаға тартылды

2016 жылы Қарағанды облысында 486 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков халықпен есеп беру барысында мәлімдеді.

"Облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде, жемқорлыққа қарсы стратегия іске асырылуда. Біз мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыруға ниеттіміз. Бірақ кейбір ойларымыз жүзеге аспайды. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады", - деді облыс әкімі.

Оның мәліметінше, 2016 жылы қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың 486 қызметкері тәртптік жауапкершілікке тартылды.

"Соның ішінде облыстық басқармалардың 4 басшысы мен қала әкімі де бар", - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Атап айтқанда, Мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы Жомарт Жылқыбаевқа сөгіс жарияланды; мәдениет басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаевқа ескерту жасалып, сөгіс жарияланды; денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевқа сөгіс жарияланды; ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбековтың лауазымы төмендетілді; Шахтинск әкімі Сержан Аймақовқа ескерту жасалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу