Былтыр Қарағанды обысында құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға ұлғайды

659

Былтыр Қарағанды обысында құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға ұлғайды

2017 жылда Қарағанды облысында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 168,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдан 8,6%-ға жоғары. 
Құрылыс көбінесе жеке меншік нысанды кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылды. Олардың үлесіне облыс бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 96%-ы тиесілі. Шетелдік кәсіпорындардың үлес салмағы 1,2 %-ды құрады, мемлекеттік – 2%.
Құрылыс жұмыстарының жалпы құрылымында 77,6% құрылыс-жөндеу жұмыстары, 9,7% - күрделі жөндеу және 12,7% - ағымдағы жөндеу алады.
Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін орта және ірі нысанды кәсіпорындар орындаған. Олардың үлесіне 52,2%-ы тиесілі.
Жұмыстардың едәуір көлемі имаратттар бойынша құрылыста орындалды, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің – 67,7%-ы (114,5 млрд. теңге). Тұрғын емес ғимараттар құрылысына құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 20,6%-ы немесе 34,5 млрд. теңге, тұрғын ғимараттар бойынша – 11,8%-ы немесе 19,9 млрд. теңге келеді.
2016-шы жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстары көлемінің артуы облыстың 14 өңірінде байқалады. Едәуір өсім Бұқар жырау (3,8 есе) және Ақтоғай (3,5 есе) аудандарында, Саранда (3,3 есе), Шахтинск (3,2 есе), Саранда (3,1 есе) байқалды.
Құрылыс жұмыстарының облыстық көлеміндегі айтарлықтай үлесі Қарағандыға (30,4%), Теміртауға (15,7%) және Сәтбаевқа (9,1%) тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу