Былтыр карантинде қай өңір "тәртіпсіз" болды

1217

Былтыр карантинді бұзудың 27 мыңнан астам фактісі тіркелген.

Былтыр карантинде қай өңір "тәртіпсіз" болды

Пандемия, карантиндік шектеулер енгізу және санитарлық талаптарды қатаңдату кезеңінде елдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері анықтаған құқық бұзушылықтар саны артты, деп хабарлады Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

Денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 3,6 млрд теңге сомасына айыппұл салу туралы 37 мыңға жуық қаулы шығарылып, құқық бұзушылар 3 млрд теңге төлеген.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 425-бабы) карантиндік іс-шараларды бұзумен байланысты құқық бұзушылықтар үшін 2020 жылы елде 2,2 млрд теңге сомасына айыппұл салу туралы 27 мың қаулы шығарылды, оның ішінде 1,4 млрд теңге өндіріліп алынды", – дейді комитеттен.

Айыппұлдардың көпшілігі Түркістан облысында – 5 014, Алматы қаласында – 4775 және Шығыс Қазақстан облысында – 1 831 салынған.

"Тәртіпті" болған, яғни айыппұл аз салынған өңірлер: Маңғыстау – 204, Павлодар – 523 және Жамбыл облысы– 59. 

Маскалық режимді бұзғаны үшін 15 613 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Соның ішінде Алматы қаласы (4 434), Түркістан (4 009) және Шығыс Қазақстан (1 126) облыстары көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу