Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды

495

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды Фото: akorda.kz

2022 жылы қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысының алдында берген есебінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік басшысының сөзінше, бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

"Соңғы төрт жылда тіркелген істер саны екі есе кеміген. Жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылды. 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цех жойылды. Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды. 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелді", - делінген Жанат Элимановтың баяндамасында.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекетке құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу