Былтыр қатерлі ісікпен алғаш рет есепке алынғандар саны 36 мыңға жуықтаған

890

Алғаш ауырғандардың 60 пайызға жуығы 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті адамдар екен.

Былтыр қатерлі ісікпен алғаш рет есепке алынғандар саны 36 мыңға жуықтаған

Соңғы 20 жылдың ішінде елімізде қатерлі ісікке шалдығу 8 пайызға өскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатерлі ісік диагнозымен 181 мың пациент диспансерлік байқауда тұр.

2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынған. Оның 44,3 пайызын ерлер, ал 55,7 пайызын  әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлердің үлесі 53,8 пайызды алып отыр.

Алғаш ауырғандардың 60 пайызға жуығы 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті адамдар екен.

Министрдің айтуынша, онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұдан бөлек, жыл сайын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді, скринингтер, молекулалық-генетикалық тестілеу, сәулелік терапия қызметтерін кеңейтуге 8 млрд теңгеден аса қосымша қаржы  қарастырылады. Сондай-ақ 3,2 млрд теңгеге салаға қажетті жабдықтарды сатып алу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу