Оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 1 355 тексеру, ал жоспардан тыс 1 095 тексеріс. Қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған 733 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Осылайша барлығы 38 277 нысан тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 34 617 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайы анықталды. 254 млн теңгеден астам сомаға 1 708 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызатындай өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін қауіпті өндірістік объектілердің 733-і тоқтатылды", - деді ол.
Нығмеджан Мақажановның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағаланады. Олардың құрамына 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан кіреді.