Былтыр KazakhExport-тың таза пайдасы 3,9 млрд теңгені құрады

829

Экспорттық сақтандыру компаниясы өткен жылдың аудиторлық есебін жарияланды. 

Былтыр KazakhExport-тың таза пайдасы 3,9 млрд теңгені құрады

2020 жылы "KazakhExport" ЭСК" АҚ активтері 2019 жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, 88,2 млрд теңгеден 122,9 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz копанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек акционерлік қоғаның таза пайдасы 63%-ға өскен. Егер 2019 жылы компания 2,4 млрд теңгеге жуық пайда тапса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3,9 млрд теңгені құрады. Ал негізгі кірісті сақтандыру сыйақылары құрады.

Меншікті капиталға келер болсақ, бір жыл бұрын көрсеткіш 79,2 млрд теңгеге жетсе, 2020 жылы 109,4 млрд теңгеге дейін өскен.      

Жалғыз акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның 2021 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен АҚ-ның 2020 жыл қорытындысы бойынша таза пайдасының 70%-ы дивидендтер төлеуге бағытталмақ. Дивидендтер сомасы 2,7 млрд теңгеден асады.

"Короновирус дағдарысы кезеңінің қиындықтарына қарамастан, біз барлық бизнес-процестердің тиімділігін сақтап қалдық. Ай сайынғы негізде біз ахуалдың өзектілігін сыртқы конъюнктураның қаржылық және тәуекелдік көрсеткіштеріне теріс әсері болуы мүмкіндігі бойынша бағалаймыз. Жекелеген қарыз алушыларды талдаудан басқа, тұтастай алғанда несиелердің шоғырлануына және нарықтық тәуекелдерге қатысты инвестициялық портфельді бағалау жүргізіледі", - деп атап өтті компанияның басқарма төрағасы Руслан Ысқақов.

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ ( "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу