Былтыр Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті

140

Мұнай өндіру көлемі төмендегендіктен, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізген. 

Былтыр Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту біздің басымдықтарымыз болып қала береді. Депутаттық корпуспен өзара бірлесе отырып, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірленіп, қабылданды", - деді Үкімет басшысы. 

Олжас Бектенов министрлер кабинетінің былтырғы негізгі нәтижелері мен осы жылға арналған жоспарлары туралы айтты. 

"Өткен жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлік саласында 8,5 пайызға дейін өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы он жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты", - деді Премьер-министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кету керек, осыған дейін Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін жазғанбыз.

Айта кету керек, Олжас Бектенов Президент берген ауқымды тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады деп уәде берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу