Былтыр Қазақстанда 151 үшем дүниеге келді

453

Өткен жылы төртем дүниеге келуі тіркелмеді.

Былтыр Қазақстанда 151 үшем дүниеге келді Фото: google.com

2022 жылы 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы, сәйкесінше 782 және 756 егіз.

Үшемнің туу көрсеткіші бойынша тізім басындағы аймақтар: Түркістан облысы – 24 үшем, Алматы қаласы – 21 және Астана қаласы – 18.

Өткен жылы төртем дүниеге келуі тіркелмеді.

Жалпы 2022 жылы туған сәби саны 403,9 мыңды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу