Былтыр Қазақстанда 650 мың тонна нан өндірілді – АШМ

1104

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу мен өндіру көлемі өскен.

Былтыр Қазақстанда 650 мың тонна нан өндірілді – АШМ

Коронавирус пандемиясына қарамастан 2020 жылдың 12 айында Қазақстанда бидай глютені өндірісі 4,3 мың тоннадан 6,1 мың тоннаға дейін артып, шамамен 42%-ға өсті. Өңделген күріш өндірісі 166 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін жетіп, 20%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

Крахмал 2019 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға (32,6 мың тоннадан 37,3 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері 6,3%-ға (168,3 мың тоннадан 178,8 мың тоннаға дейін), кондитерлік өнімдер 2,6%-ға (237,9 мың тоннадан 244,2 мың тоннаға дейін), ұн 1,6%-ға (3,27 млн тоннадан 3,32 млн тоннаға дейін), маргарин 1%-ға (62,4 мың тоннадан 63 мың тоннаға дейін) артық.

Піскен нан алдыңғы жылдың деңгейінде (644,6 мың тонна) өндірілді. Сонымен қатар, қайта өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар өндірісінің 30%-ға (6,7 мың тоннадан 4,7 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары өндірісінің 21%-ға (74,8 млн литрден 59,2 млн литрге дейін), картоптан басқа қайта өңделген және консервіленген көкөністер өндірісінің 12,5%-ға (24,3 мың тоннадан 21,3 мың тоннаға дейін), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірісінің 2,4%-ға (475-тен 464 мың тоннаға дейін) төмендегені байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу