Былтыр қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 17,5%-ға өсті

743

Ең жоғары өсімі білім беру және денсаулық сақтау саласында тіркелсе, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында өзгеріссіз қалды. 

Былтыр қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 17,5%-ға өсті

2021 жылы Қазақстан Республикасында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"Жалақының өсуі негізінен тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық жалақылардың, сондай-ақ біржолғы төлемдер мен сыйлықақы көлемінің ұлғаюы есебінен болды. Орта есеппен 2021 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен лауазымдық жалақылары 20,3%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада.

Лауазымдық жалақылардың ең жоғары өсімі 2021 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында тіркелді, тиісінше 28,1%-ға және 34,4%-ға, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда саласында 25,9%-ға өсті.

"Өнеркәсіп, құрылыс және көлік қызметкерлерінің жалақылары 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда орта есеппен 12-15%-ға өсті. Өнер, ойын-сауық және демалыс, сондай-ақ тұру және тамақтану қызметтері қызметкерлерінің жалақысы өзгеріссіз қалды. Қаржы және сақтандыру қызметі, өнеркәсіп, сондай-ақ көлік және қоймалау; көтерме және бөлшек сауда қызметкерлері еңбекақысының жоғары деңгейде болуы оның үштен бір бөлігінің сыйлықақылар мен біржолғы төлемдер есебінен қамтамасыз етілуімен байланысты", – деп жазылған бюро таратқан хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу