Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ғылыми реставрациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулер арқасында, музей қорлары тұрақты түрде жаңа жәдігерлермен толығып жатыр. Мәселен, өткен жылы 18 археологиялық зерттеу жасалып, 30-ға жуық ескерткіш жөнделді. Мұрағат саласындағы тағы бір өзекті мәселе бар. Бүкіл ел бойынша мұрағат қоймалары толы. Осыған байланысты құнды деректерді сақтауға арналған қосымша ғимараттар салу қажет.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, бүгінгі таңда 500 мың бірлікті сақтауға арналған 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажеттілігі бар. Әрине, бұл бастама ведомствоаралық жұмыс пен үйлестіруді талап ететіні сөзсіз. Биылғы негізгі міндет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау.