Былтыр Қазақстанның Достық стансасы арқылы 1100 контейнерлік пойыз өткен

1539

Былтыр Қазақстанның Достық стансасы арқылы 1100 контейнерлік пойыз өткен

Достық станциясы арқылы Қытай-Ұлыбритания бағытымен алғашқы контейнерлік пойыз іске сәтті қосылды. Пойыз ҚХР шығысында орналасқан Иу қаласынан Ұлыбританияға дейін жол жүреді.

Бұл бағыттың "Қазақстан теміржолы" ҰҚ" АҚ серіктестері үшін жағымдылығы – еліміз аумағындағы стансада көрсетілетін логистикалық қызметтің сапасында, деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Достық стансасында мемлекеттік шекарадан өтетін пойыздарды қабылдау мен жіберудің толық кешені орындалады. 2016 жыл аралығында Достық стансасы арқылы 1100 контейнерлік пойыз өтті.

Қытай-Ұлыбритания бағытымен аттанған контейнерлік пойыз 12 мың шақырым жүріп, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия, Франция елдерінен өтеді. Пойыздың жолда болатын болжаланған уақыты – 18 тәулік.

Пойыз құрамында халық тұтынушылық тауарлармен жабдықталған 44 контейнер бар.

Ұлыбритания ҚХР-мен тікелей теміржол байланысын орнатқан 18 еуропалық ел болып келеді. Қытай Еуропа мемлекеттерінде өз теміржол бағыттарын "Жаңа Жібек жолы" бағдарламасы аясында кеңейтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу