Былтыр "ҚазМұнайГаз" компаниясының таза табысы 2,4%-ға артты

Осылайша көрсеткіш 1 317 млрд теңгені құрады. 

Былтыр "ҚазМұнайГаз" компаниясының таза табысы 2,4%-ға артты Фото: Azattyq Ruhy

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 2022 жылдың қаржылық есебін жариялайды.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдағы негізгі қаржы көрсеткіштерінде кіріс 6 459 млрд теңгемен (15 161 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 34,5%-ға ұлғайып, 8 686 млрд теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жетті. EBITDA көрсеткіші 2 015 млрд теңгемен (4 730 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 25,9%-ға артып, 2 538 млрд теңгені (5 505 млн АҚШ доллары) құрады. Компанияның таза пайдасы бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестерді ескергенде 2,4%-ға ұлғайып, 1 317 млрд теңгені (2 858 млн АҚШ доллары) құрады", – деп жазылған компанияның есебінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу