Былтыр келушілердің 55 пайызы жұлдызы жоқ қонақүйлерге тоқтаған

771

2021 жылы жалпы 5,5 миллион қонаққа қызмет көрсетілді – бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 52,9%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Былтыр келушілердің 55 пайызы жұлдызы жоқ қонақүйлерге тоқтаған

2021 жылы жалпы қонақ үйлердің (қонақүй, пәтер, котедж...) қызмет көрсету көлемі – 109 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 63,1%-ға артық.

Алматы қонақүйлерінде адам көп болды (27,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді). Көшбасшы өңірлердің үштігіне елорда (20,3 млрд теңге) және Ақмола облысы (10,5 млрд теңге) енді.

Ең аз қызмет Қызылорда облысында көрсетілді – барлығы 1,1 млрд теңгеге.

Келушілердің көбі (2,7 млн адам) мейрамханасы бар қонақүйлерге аялдаған.

Мейрамханасыз қонақ үйлерде 1,7 миллион адам және бір қабатты бунгалаларда, ауылдық үйлерде, коттедждерде, шағын үйлер мен пәтерлерде (673 мың адам) тұруды жөн көрді. 

ТОП-5 танымал орынға демалыс үйлері мен туристік базалар да кірді.

Орналастыру санаттары бойынша бес жұлдызды қонақ үйлерде – 561,8 мың адам, төрт жұлдызды қонақ үйлерде – 553,6 мың адам, үш жұлдызды қонақ үйлерде – 244,7 мың адам, екі жұлдызды қонақ үйлерде – 17,8 мың адам, бір жұлдызды қонақ үйлерде – 3,5 мың адам, Жұлдызсыз қонақ үйлерде – 3 млн адам (жалпы келушінің 55%-ы) тоқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу