Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Өткен жылы тұрғын ғимараттардың жалпы санынан:
- жалпы алаңы 8 843,9 мың м2 болатын көппәтерлі 1 540 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарағанда 91,5%;
- жалпы алаңы 6 499,8 мың м2 36 365 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарағанда 92,6%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйлердің 1 шаршы метр құрылысына жұмсалған нақты орташа шығын 12,2% өсті.
Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың 14 өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар (32,1%-ға), Шығыс Қазақстан (15,4%-ға) және Жетісу облыстары (8,8%-ға) көш бастап тұр.
Бұл ретте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің төмендеуі Ұлытау (29,6%), Маңғыстау (15,1%), Солтүстік Қазақстан (13,1%) және Атырау (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Астана (24,7%) және Алматы (34,6%) қалаларында байқалды.