Оның сөзінше, биылғы оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Үкімет отырысында студенттердің жұмысқа тұру көрсеткіші жыл сайын артып жатқанын жеткізді.
– 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алды, 173 мың студент оқуын аяқтап жатыр. Оның 123 мыңы жұмысшы біліктілігі бойынша, ал 27 мыңы дуальді оқыту аясында, 10 мың студент кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша бітірді. Жыл сайын колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші өсіп жатыр: 2024 жылы түлектердің 81%-ы жұмыспен қамтылды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге және колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылына аса назар аударылуда, – деді ол.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, осы жылы тұңғыш рет мектептерде жаңа лауазым бекітілген. Оқушылар аттестатпен қатар, диплом да алу мүмкіндігіне ие.
– Биыл мектептерде алғаш рет "кәсіби бағдарлаушы" лауазымы ресми бекітілді. 905 жоғары сынып оқушысы жалпы білім туралы аттестатпен қатар, жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алады. 2,5 млн мектеп оқушысы кәсіби бағдарлаушы шараларымен қамтылды. 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 2 мың орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Бизнес өкілдері 8 мыңнан астам білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты, – деп сөзін жалғады министр. Бұған дейін Ғани Бейсембаев енді оқушылар тісін мектептен шықпай-ақ емдете алатынын айтқан болатын.