Өткен жылы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың, 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін ұлғайтуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар, көлеңкелі айналымның қысқаруына үлкен әсер етті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 88,7% құрады.
Негізгі себептерінің бірі — өткен жылы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың, 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдауы", — деді Қаржы министрі Мәди Такиев.
Нәтижесінде, көлеңкелі экономика деңгейі жоспарланған 19,9 %-дан 18,8 %-ға дейін төмендеді.
"Жалпы біз, бүгінгі күні, Министрлік барлық процестерді ауқымды цифрландыру мәселелеріне басымдық беруде.
Мысалы, Президенттің тапсырмасына сәйкес,Кірістер комитетінде 14 ақпараттық жүйенің орнына 5 үлкен жүйені қалдырамыз.
Бұған қатысты, ағымдағы жылдың соңында өздеріңізді шақырып, таныстырылым жасайтын боламыз", — деді министр.