Былтыр көрші елдерден 630 млн текше метр су сатып алдық

1262

Қырғызстан мен Тәжікстанда электр қуаты, Қазақстанда су тапшы.

Былтыр көрші елдерден 630 млн текше метр су сатып алдық

Сырдарияның суын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан тарабы 11 рет кездескен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов 2020 жылы ведомство су дипломатиясына қатты көңіл бөлгенін айтады. 

"Өткен жылы министрлік су дипломатиясын дамытуға күш салды. Мәселен, суармалы судың тапшылығын шешу үшін Қырғыз тарапымен келіссөздер барысында электр энергиясымен тауар алмасу бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Нәтижесінде Тоқтоғұл су қоймасынан 330 млн м3 көлемінде суармалы суды қосымша ағызу қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ұқсас схема бойынша Тәжікстан аумағынан БахриТочик су қоймасынан 300 млн м3 көлемінде қосымша су босату қамтамасыз етілді", - деген министрлік өкілі Өзбекстанмен арадағы келіссөздерге де тоқталды.

"Сырдария өзенінің бассейні бойынша ынтымақтастық мәселелерінде Өзбекстан Республикасымен әріптестік маңызды рөл атқарады. Өткен жылы елдер арасындағы су қатынастарының барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмыс тобының 11 отырысы өткізілді. Оның шеңберінде жоспарланған мәселелерден басқа Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты мәселелер қаралды", - деді вице-министр.

Ал жыл соңына қарай Жайық және Ертіс өзендерінің проблемасын Ресеймен бірлесіп шешу үшін екіжақты зерттеулер жүргізу туралы Жол картасы бектілген болатын.

"Нәтижесінде тараптар трансшекаралық өзендердің гидрологиялық ағынын, бірінші кезекте Жайық өзені бассейнін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін болады", - деп атап өтті Серік Қожаниязов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу