Былтыр құмар ойынға құмартқандар 19,5 миллиард теңгесін жұмсаған

835

2017 жылмен салыстырғанда (16,8 млрд теңге) құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыратын компаниялардың табысы 16,1% - ға өскен.

Былтыр құмар ойынға құмартқандар 19,5 миллиард теңгесін жұмсаған

Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыратын компаниялар бір жыл ішінде 19,5 млрд теңге тапқан, деп хабарлайды LS.

2017 жылмен салыстырғанда (16,8 млрд теңге) бұл мекемелердің табысы 16,1% - ға өскен.

Сондай-ақ ойын бизнесінен түскен салық мөлшері 2,3 есеге артты. 2017 жылы республикалық бюджетке 11,7 млрд теңге түссе, 2018 жылы олар мемлекетке 26,8 млрд теңге төледі.

2013 – 2017 жылдар аралығында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыратын ұйымдар саны 23,2% - ға, яғни 142-ден 109 компанияға дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу