Былтыр Қытайдан әкелінетін тауарлардың құны 3,2 есе қымбаттады

1210

Елімізге сырттан көбінесе қандай тауарлар тасымалданады.

Былтыр Қытайдан әкелінетін тауарлардың құны 3,2 есе қымбаттады

Былтырғы шетелден импортталған негізгі тауар – компьютер болды, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығына сілтеме жасап. 

Оның жалпы құны 1,75 млрд долларға бағаланады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,5 есеге көп. Импорттың 87%-ы бір елден – Қытайдан келеді.

"2021 жылы компьютерлер импорты күрт өсті. 2020 жылмен салыстырғанда импорттық құрал-жабдықтардың құны 2,5 есеге артып, 1 млрд 754,2 млн долларды құрады, бұл ретте жеткізілімдердің физикалық көлемі 3,4 млн данаға дейін төрттен бірге қысқарды. Импорттың 87%-ын құрайтын Қытайға (1,5 млрд доллардан астам) бәсекелесе алатын жеткізуші жоқ. Қалған тасымалдаушылар әлемнің 57 елінен", – деп жазылған хабарламада. 

Қытайдан келетін тауарлардың құны 3,2 есе (+1 млрд доллар) өсті. Яғни импорттық тауарлар бағасы артты. 

Малайзиядан сатып алу көлемі айтарлықтай төмендеді (22,4 млн доллардан 3,8 млн долларға дейін), Нидерландыдан импорт іс жүзінде тоқтатылды (28 млн доллардан 0,4 млн долларға дейін). 2020 жылы бұл елдер негізгі 4 жеткізушілердің қатарында еді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу