Былтыр Қытаймен тауар айналымы рекордтық $41 млрд жетті – Тоқаев

214

Онымен қоса 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Былтыр Қытаймен тауар айналымы рекордтық $41 млрд жетті – Тоқаев Фото: akorda.kz

Барлық жобалардың жалпы құны – $14,5 млрд, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өткеннен кейін екі ел басшылары келіссөздер залына өтті. Қазақстан Президенті қытайлық серіктестіктің бірқатар нәтижелеріне тоқталып өтті. 

"Екі ел арасындағы байланыстар тұрақты мәдениеттік, экономикалық дамуға, халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отыр. Былтыр өзара тауар айналымы $41 млрд асты – бұл рекордтық көрсеткіш. Қазіргі таңда 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы құны – $14,5 млрд. Жобалар өнеркәсіп, энергетика, көлік-транзит, жасыл экономика ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды қамтиды. Сонымен бірге екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын жандандыра түсті", – деді Президент. 

ҚХР Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2 шілдеде Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сол күні екі елдің басшылары достық кездесу өткізді. Айта кетейік, Си Цзиньпиннің сапары бағдарламасы жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізуді және бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды көздейді. Бүгін екі басшы келіссөздер залында кездесті.

Ол сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу