Былтыр Қызылорда облысында 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

1215

Былтыр Қызылорда облысында 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

Өткен жылы аймақтағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79 млрд теңгені (өсім 7,3%) құрады. Салаға тартылған инвестиция 2,3 есеге артып, 3,8 млрд теңге болды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Саланы мемлекеттік қолдау мақсатында 9,1 млрд теңге бөлініп, 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты.

Төрт түліктің барлық түрлері бойынша өсім байқалады. Жыл ішінде мүйізді ірі қара саны 0,4%, қой мен ешкі 8,4%, жылқы 0,8%, түйе 3,2%-ға көбейген. 

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес сала алдына қойылып отырған басты мақсат – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бағытындағы жұмыстар толассыз жүргізілуде. Осындай жүйелі жұмыс арқасында жыл ішінде 746 фермерлік шаруашылықты біріктіру жолымен 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу