Былтыр Маңғыстауда 689 әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

298

Жұмыссыздық, маскүнемдік, лудомания.

Былтыр Маңғыстауда 689 әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған Фото: Inbusiness.kz

Былтыр Маңғыстау облысында 724 адам зорлық-зомбылыққа ұшыраған, оның ішінде 689-ы әйел, 35-і жасөспірім, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысы Амангелді Қалмұратовтың және Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Болатбек Ақшауовтың төрағалығымен өткен "Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі" жөніндегі жиында айтылды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Бақытжан Берікбаев зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға заңды тұрғыда және психологиялық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

Полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың басым бөлігі спирттік ішімдіктердің әсерінен болғанын айтады. Ал мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 268 адамға ерекше талап қойылып, алкогольдік ішімдік, есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынған.

- Отбасылық жанжалдың негізгі себептері – тұрақты табыс көзінің жоқтығы, материалдық жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, маскүнемдік, құмар ойындары, - деді Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Бақытжан Берікбаев баяндамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу