Былтыр мемлекеттік бюджетке 15 трлн теңгеден астам кіріс түсті

Жоспар 104,4%-ға орындалды. 

Былтыр мемлекеттік бюджетке 15 трлн теңгеден астам кіріс түсті Фото: liter.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жылы мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есепке алмағанда) 15 трлн 668 млрд теңге көлемінде кіріс түсті. Осылайша жоспар 104,4%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 309 млрд теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде салықтар 210 млрд теңгеге, салықтық емес түсім 94 млрд теңгеге артығымен орындалды. Салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы қосылған құн салығына тиесілі", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұл ретте министр кірістер жоспарын Маңғыстау облысынан басқа өңірлер асыра орындағанын атап өтті.

"Шикі мұнайға арналған экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады. Оған себеп іс жүзінде қалыптасқан экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 4%-ға төмендеуі. Жергілікті бюджет кірісі 107,3%-ға атқарылды, сәйкесінше 5,2 трлн теңгені құрады. Жылдық жоспар 354 млрд теңгеге асыра орындалды", – деді Жамаубаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу