Былтыр микроқаржылық ұйымдар қанша табыс тапты

1189

Жыл соңында көрсеткіштер құлдырады.  

Былтыр микроқаржылық ұйымдар қанша табыс тапты

2021 жылы барлық микроқаржылық ұйымдарға жалпы сомасы 61 млрд теңге кіріс кірді. Бұл 2019 және 2020 жылдары қоса алғандағы көрсеткіштен де (23,3 млрд теңге және 32,1 млрд теңге) айтарлықтай жоғары, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Алайда 2021 жылдың IV тоқсаны жалпы алғанда жүйе үшін тиімсіз болды (-1,7 млрд теңге). Жыл соңында көрсеткіштердің былай құбылуы үш компанияға байланысты болды. Ұлттық банктің деректері бойынша 2021 жылдың қазан-желтоқсанынан бастап FREEDOM FINANCE Credit 7,19 млрд теңге шығынға ұшыраған. Ал "Взаймы" МҚҰ – 6 млрд теңге, "Эверест Финанс" МҚҰ – 1,1 млрд теңгеден қағылған. 

Жылдың қорытындысы бойынша 165 МҚҰ-ның табысы артты. Бұл олардың жалпы санының 69,6%-ын құрайды. 63 микроқаржылық ұйым (26,6%) бойынша жыл шығынмен аяқталды. Тағы 9 компания жылды "нөлдік" көрсеткішпен қорытындылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу