Былтыр музейге қанша қазақстандық барған?

Министрлік 2019 жылғы статистикалық көрсеткішті әлі бағындыра алмай келеді.

Былтыр музейге қанша қазақстандық барған? Фото: adyrna.kz

Пандемия салдарынан 2020 жылы музей тамашалайтындардың саны күрт кемігені белгілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі музейлер мен тарихи-мәдени нысандарға баратын қазақстандықтардың санын көбейту жоспарын орындай алмағаны айтылды. Бұл туралы ведомствоның есебінде сөз болған. 

– Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректері бойынша 2023 жылы музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне барушылар саны – 6 255 900 адам. 2019 жылы жылы бұл көрсеткіш 6 829 300 адам болған еді, яғни 8,4% аз, – деп жазылған мәліметте.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша 2023 жылы музейге барушылардың саны 2019 жылғы деңгейден 2% көп болуы керек еді. Десе де, жоспар орындалмай отыр. 

Ресми статистикаға сүйенсек, пандемиядан кейінгі алғашқы үш жылдың көрсеткіші мынандай:

  • 2020 жылы – 2 351 300 адам,
  • 2021 жылы – 5 104 900 адам,
  • 2022 жылы – 6 097 300 адам.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу